060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Ару Астана аспанға қол созады

Астананың 20 жылдық мерейтойына орай, Атырау облысы айрықша сыйлық жасап, «Өңірлердің елордаға тартуы» жобасы аясында Есіл өзенінің қос жағалауын байланыстыратын «Атырау» көпірін сыйға тартты.

Көпір жоғарыдан қарағанда бекіре балығына ұқсайтын жаяу жүргіншілер мен  велосипедшілерге арналған.  

Көпірдің дизайны сәулет өнерінің әлемдік үрдісіне сәйкес келеді. Оның сыртқы келбеті заманауи үлгіге сай, ал жаяу жүргіншілерге арналған ішкі жағы жарық пен көлеңкенің қызықты көрінісін бейнелейді. Көпірдің жалпы ұзындығы – 313,5 метр, ені – 10,5 метр. Көпірде жаяу жүргіншілерге арналған алты метрлік жолақ, велосипедшілерге арналған үш метрлік жолақ, сондай-ақ ені 0,5 метр болатын қауіпсіздік жолағы және 0,5 метрлік шарбақты қоршауға арналған екі жолақ бар. Бұл нысан ауа райы жағдайы ескеріле отырып салынған. Көпірді жобалағанда желдің әсері есепке алынған. Салмағы 1920 тонна болатын көпірден бір мезетте 3000 адам еркін өте алады.

Көпірдің ашылу салтанатына ауданнан барған делегация өкілі, мәслихат хатшысы Толқын Бейсқали:

 – Астанаға келген сайын әдемілігіне тамсанып қайтамын. Өйткені, елордамыз күннен-күнге жаңарып, ажарланып келеді. Бұл жолғы сапарым өзінше ерекше. Мерейтой қарсаңында ашылған көпір астаналықтарға қуаныш сыйласа, ал біздің бойымызға мақтаныш сезімін ұялатты.

 

Гүлмира Тілегенова.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?