Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Артық білім кітапта

Елімізде жүзеге асып жатқан «100 жаңа оқулық» жобасы қазақ тілді қауымның қуанышын еселеуде.

Бұл әсіресе, ауылдан қалаға оқуға барған біз сияқты студенттерге өте тиімді болып отыр. Сөздің шыны керек алғашында оқуға түскенде университет кітапханасынан өзімізге қажетті кітапты табу қиын еді. Болса да көбі орысша.

Енді міне Елбасымыздың «100 жаңа оқулық» жобасы дүниеге келіп, осыған байланысты Ұлттық аударма бюросы құрылып, жоғары оқу орындарына арналған гуманитарлық бағыттағы жаңа оқулықтар жобасын әзірлеуге кірісіп кетті. Жалпы кітаптар, Президент атап өткендей, тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану және филология ғылымдары бағытында жарық көруде. Бұл оқулықтардың басым көпшілігі бұрын-соңды қазақ тіліне, тіпті орысшаға ауда¬рыл¬маған жаңа ба¬сы-лымдар екенін естіп қуанып отырмыз. Аталмыш жобаны түсіндіру мақсатында жақында университетімізге белгілі ғалым, абайтанушы Тұрсын Жұртбай мен ақын Маржан Ершу бастаған зиялы қауым өкілдері келіп, студент жастармен кездесті. Жастарға рухани азық берген бұл кездесуде қонақтар студенттердің сұрақтарына жауап бере отырып, аударылып жатқан кітаптардың тарихы мен мазмұнына тоқталып өтті. Аталмыш кездесуден ұққанымыз қазақ тіліне аударылатын кітап¬тарға қой-ылатын талап та қатал. Әрбір кітапқа жеке жұмыс комиссиясы құрылған. Оқулықтардың алғашқы легі осы оқу жылында студенттердің қолына тиіп, университеттер осы кітаптармен мамандар даярламақ. Күні бүгінге дейін 18 оқулық қазақ тіліне аударылып, оны алғашқыларымен Елбасының өзі танысып, оң бағасын берген. Сондай-ақ, «100 оқулық жобасы» елімізде аудармашылар мен редакторлар мектебін қалыптастырып, қазақ тіліне деген сұранысты арттыра түседі. Осындай артықшылықтары мен жетістіктері бар бұл жоба тек жүз оқулықпен шектеліп қалмай алдағы уақытта да жалғасын тапса, білім мен ғылым саласына үлкен серпін берері хақ.

Нұрәділ ЕЛАМАН,

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің студенті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521