Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Арба табыс етті

Өткен аптада «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Альберт Аққайнанов Көздіғара ауылдық округінде болып, партияның «Кедергісіз келешек» жобасы бойынша қабылдау өткізді. «Көздіғара» бастауыш партия ұйымында өткен қабылдауға Көдіғара ауылдық округінің әкімі Болат Қабесов, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Болат Салықов, аталмыш бөлімнің бас маманы Гүлмира Өтеғалиевалар қатысты.

Қоғамдық қабылдауға келген ауыл тұрғындары жұмыспен қамту, тұрғын үй, материалдық көмек және басқа да жеке мәселелерін айтып келді. Оларға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Альберт Аққайнанов заң аясында жауап берді.

Содан кейін округтегі мүмкіндігі шектеулі жаңдар санатына жататын Салтанат Құлғалиева мен Нұрсұлтан Елтайға демеушілер арқылы алған арбаны табыс етті.

Дулат БЕРІК.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521