060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Анықтама үшін ауданға келу қажет емес

Ел халқының цифрлы сауаттылығын арттырып, қызмет көрсетудің сапасын жақсарту мақсатында өткен жылдың 12 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің №827 қаулысымен «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қабылданған болатын.

Соған сай, өткен аптада мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы Азамат Жақсиев пен аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы Мейірбек Қарабаллин ауылдық округтерді аралап, аталмыш бағдарламаның тиімді жақтары туралы тұрғындарға түсінік жұмыстарын жүргізіп қайтты. Жангелдин ауылдық округінде болған жиынды округ әкімі Аязбай Оразов ашып, жүргізіп отырды. Содан кейін сөз алған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы Азамат Жақсиев: – Жаңа бағдарлама тұрғындардың уақытын үнемдеп, электронды қызметтің маңызын арттыру мақсатында жасақталған. Бұл бағдарлама «Электронды үкімет» порталы арқылы жүзеге асады. Түсінген адамға бұның тиімділігі өте жоғары.

Сіздер енді бір құжатқа бола Миялыға барып әуре болмай, үйде отырып-ақ электронды цифрлы қолтаңбамен (ЭЦҚ) қажетті анықтамаңызды ала аласыз. Біріншіден уақытыңыз, екіншіден жолақыңыз үнемделеді. Барлық ауылдық округте электронды цифрлы қолтаңбаны алу, онымен жұмыс жасауды үйрететін арнайы мамандарымыз бар. Солардан сұрап, үйреніп алуға болады,– деді. Ал, аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы Мейірбек Қарабаллин болса, ЭЦҚ арқылы 235 қызмет түрін алуға болатынын, ол қызметтер интернет арқылы 10-15 минутта жүзеге асатынын жеткізді. Түсінік жұмыстары одан әрі барлық ауылдық округте жалғасып, іссапар барасында 177 тұрғынға жаңадан ЭЦҚ ашылып, қызмет көрсетілді.

Дулат БЕРІК,

Лаура НАРИМАНОВА.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?