Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Аналар ардақталды

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Арман» мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Оған әр ауылдық округтен ақ жаулықты әжелер, көп балалы аналар мен әр салада жемісті еңбек етіп жүрген қыз-келіншектер арнайы шақырылды.

Жиынды ашқан аудан әкімінің орынбасары Марат Әбуов:

– Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеткен аналар қауымы қандай құрметке болсын лайық. Одан бөлек ауданымызда ерлермен қатар аянбай еңбек етіп, нәзік те болсын нардың жүгін көтеріп келе жатқан қыз-келіншектер жетерлік. Балаға білім мен тәрбие берген ұлағатты ұстаздардың да, адам жанының арашасы болған дәрігерлердің де басым бөлігі әйелдер қауымынан. Осы орайда, бүгінгі күлімдеген көктемнің мерекесімен аудан әкімі атынан шын жүректен құттықтаймын. Әрқашан дендеріңізге саулық, жандарыңызға байлық тілеймін, – деп, аналар қауымын аудан әкімі Арман Баженовтің Алғыс хатымен марапаттады.

Содан кейін құттықтау сөз алған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Альберт Аққайнанов мерекелік ізгі тілегін арнап, бір топ ананы аудандық партия төрағасының Алғыс хатымен мадақтады. Бұдан соң мінбеге көтерілген Миялы ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Жаубасар Мұхамбетов пен аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Қуанышбек Кәрім барлық нәзік жандыларды мерекелерімен құттықтады. Салтанатты жиын әр қарай концерттік бағдарламамен жалғасып, концерт соңында залда отырған жасы үлкен аналарға аудан әкімінің атынан гүл шоқтары табыс етілді.

Дулат БЕРІКҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521