060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Аналар алқа тағынды

Дүйсенбі күні аудан әкімінің орынбасары Айдулат Кенжебеков Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 4 мамырдағы №37 «Көп балалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградтау туралы» Жарлығына сәйкес қабылдау өткізді.

Еліміздің демографиясын көтеруге үлес қосып жүрген аналарға құттықтаған аудан әкімінің орынбасары Айдулат Кенжебеков: мәңгілік елдің ұрпақтары ертеңгі еліміздің үмітін ақтайтын азаматтар болсын - деген тілегін қосты. Қабылдауда жеті баланы өмірге әкелген жамбылдық Самал Айтуароваға «Алтын алқа» тақса, алты бала тәрбиелеп отырған жангелдиндік Асылғаным Төлешова, ойылдық Ақбөбек Мұратова, қарабаулық Шолпан Боранбаева, сағыздық Айман Есімова, мұқырлық Жангүл Құлниязова, Эленора Сахиева, Баян Тайжановаларға «Күміс алқа» табыстады. Жиында ізгі тілектерін арнаған аналар көрсетіліп жатқан құрметке ризашылықтарын білдірді.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?