Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Аналарға алқа тақты

Дүйсенбі күні аудан әкімі Арман Баженов Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жыл 23 қаңтардағы №827 «Көп балалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградтау туралы» Жарлығына сәйкес көп балалы Назгүл Есболова (№9 орта мектебінің мұғалімі, Сағыз ауылы), Гүлнәр Қасымова (үй шаруасындағы ана, Тасшағыл ауылы), Жарқын Қоқабаева (үй шаруасындағы ана, Ойыл ауылы), Әлия Сариева (халықты жұмыспен қамту орталығында ассисент, Қарабау ауылы), Айнұр Тынысоваларға (тазалықшы, Тайсойған ауылы) Күміс алқа тағып, гүл шоқтарын ұсынды.

– Қазірде қызылқоғалық аналар белсенді еңбек иелері. Көп істе көшбасшы. Әсіресе, олардың білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік салаларында үлесі мол. Ең бастысы олар өмірге сәби әкеліп, ұрпақ тәрбиелеп, еңбек етумен бірге қазақ халқының салт-дәстүрі мен рухани құндылықтарын ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, сақтап келеді. Баршаңызға зор денсаулық, берекелі ғұмыр, ана бақытын тілеймін, – деді аудан әкімі Арман Баженов құттықтау тілегінде.

Айта кетсек, ауданда барлығы 816 көпбалалы отбасы тұрады. Оның ішінде «Алтын алқа» белгісінің иегерлері – 566, «Күміс алқа» иегерлері – 535 болса, «Батыр ана» – 13.

Бауыржан БЕРДІҒАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521