Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Анаға сыйлық, сәбиге құжат

15 мамыр халықаралық отбасы күніне орай аудандық орталық аурухананың перзентхана бөлімінде жас босанған аналарға құрмет көрсетілді.

Бұл шараға аудан әкімі Арман Баженов, аудандық орталық аурухананың директоры Самат Тайшыбай, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Азамат Жақсиев, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы Сәнімгүл Жұбаевалар қатысты.

Шарада сөз алған аудан әкімі Арман Баженов барша аналарды халықаралық отбасы күнімен құттықтап, жаңа туған сәбилердің бауы берік болсын деген игі тілегін жолдады. Содан кейін мереке қарсаңында өмірге сәби әкелген Жанар Сәленоваға, Светлана Мұхановаға, Мөлдір Хамзинаға, Гүлзина Шандолваға, Асыл Ідірісоваға балаларының туу туралы куәлігі мен естелік сыйлықтар табыс етті. Өз кезегінде аналар атынан сөз алған Светлана Мұханова аналарды ардақтан жатқан аудан әкіміне алғысын айтып, ризалығын білдірді.

Дулат МӘТЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521