Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Алаш арыстарына арналған конференция

Өткен аптаның жұмасы күні Миялы ауылындағы «Арман» мәдениет үйінде Қызылқоға ауданы әкімдігі мен С.Бәйішев атындағы университеттің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздікті аңсаған алаш азаматтары» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.

Конференцияны ауданның Құрметті азаматы, С.Бәйішев атындағы университетінің президенті Бекежан Ахан ашып жүргізді. Конференцияда бірінші болып аудан әкімі Арман Баженов «Жазықсыз жапа шеккен жампоздар» тақырыбында баяндама жасаса, содан кейін Қазақстан Республикасы «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі орталық кеңесі төрағасының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы Өмірзақ Озғанбай «Тәуелсіздікті аңсаған алаш азаматтары» деген тақырыпта сөз қозғады. Келелі кеңесті одан әрі жазушы, өлкетанушы Әбілхайыр Спан қоғам қайраткері Тобанияз Әлниязұлы жайлы құнды деректермен жалғаса, филология ғылымдарының докторы, профессор Жұбаназар Асанов ақын, жыршы Зәкәрия Сағындықұлының өмірінен сыр шертер баяндамасын оқыды.

Ал, конференцияның екінші бөлімінде сөз алған ауданның Құрметті азаматы, белгілі меценат Жауғашты Нәбиев, жазушылар Тәжібай Жанаев, Марат Мәжитов, Жұмабай Құлиев және тарих ғылымдарының докторы Аққали Ахметтер Сағыз ауылында жаңадан ашылған мектепке Тобанияз Әлниязұлының атын беру туралы ұсыныстарын тастап, алаш ардақтылары хақында салихалы ойларын ортаға салды. Жиынды соңында аудан әкімі Арман Баженов айтылған ұсыныстар алдағы уақытта қаперге алынатынын айтып, конференция жұмысын қорытындылады. Содан кейін конференция қонақтары мәдениет үйінің фойесінде аудандық орталық кітапхана ұйымдастырған кітап көрмесімен танысты.

Дулат БЕРІКҰЛЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521