060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Адалдыққа үндеген акция

Сейсенбі күні Атырау облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі Кешенді жоспары» шеңберінде «Эстафета» қағидатымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол – честный путь» атты акция аясында аудан орталығындағы «Жастар» паркінде марафон болып өтті.

Онда алдымен аудан әкімінің орынбасары Бекнұр Әжіғалиев сөз алып, марафонның маңыздылығына тоқталды. Акция барысында, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты балалардың сурет көрмесі, спорттық шаралар және 20 автокөлікпен шеру жасалды. Еліміздің көк байрағын әуелеткен 20 жігіт сахнаға көтеріліп, шара көрігін кіргізсе, одан әрі шара «Жасыл ел» жастарының флешмоб биімен және аудан өнерпаздарының әсем әндерімен жалғасын тапты. Акция соңында өткізілген «Адал жол – честный путь» атты марафоны Атырау қаласына жолданды.

 

Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА.

Редактор-Журналист

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?