Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

63 тұрғынға қызмет көрсетілді

Ауданымызда «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда жүйелі жұмыстар жасалуда.

Соған сай, өткен аптаның сәрсенбісі күні Жамбыл ауылдық округінде мемлекеттік қызмет жәрмеңкесі болып өтті. Оған аудандағы барлық бөлім, мекемелердің басшылары мен жауапты мамандары қатысып, жергілікті тұрғындарға өз салалары бойынша кеңес берді. Жәрмеңкені ашқан аудан әкімі аппаратының басшысы Асылбек Жанқуатов елімізде жүзеге асырылып жатқан «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы жайлы айтып, тұрғындарға электронды қызметтің маңызын түсіндірді. Жәрмеңкеге ауыл тұрғындары жұмыспен қамту, тұрғын үй салу үшін жер телімін алу, баланы балабақша кезегіне қою, салық төлеу және басқа да мәселелер бойынша өтініштерімен келді. Мемлекеттік қызмет жәрмеңкесінде барлығы 63 адамға түрлі қызмет көрсетіліп, 20 адамға электронды цифрлы қолтаңба берілді.

Дулат МӘТЖАН.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521