Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Мемлекет мерейін асырды

Елбасымыздың Қазақстан халқына жасаған үндеуі нағыз тарихи шешім болды. Нұрсұлтан Назарбаев өзінің президенттік өкілеттігін тоқтата отырып, билікке жаңа буынның келуін құптайтынын атап өтті.

Осы орайда, Тұңғыш Президеттің ел үшін жасаған еселі еңбегі ұшан-теңіз екенін айтқым келеді. Өзінің саналы ғұмырын Қазақстан Республикасының дамуы мен өркендеуіне арнаған ол елімізді нарықтық кезеңнен аман алып шықты. Мемлекетімізде тұрақтылық орын алды, өнеркәсіп жанданып, қаржы-бюджет, салық жүйесі құрылды. Жекешелендіру жүргізіліп, зейнетақы жинақтау жүйесі енді. 1995 жылы тамыз айында еліміздің негізгі заңын қабылдап, дін бостандығы сияқты азаматтық қоғамның құндылықтары конституциялық нормаларға айналды. Бұған тек біз емес, бүкіл әлем куә болды.

Елбасының өзінің «Қазақстан – 2030» стратегиясы арқылы мемлекет дамуының басым бағыттарын айқында-ды. Сондай-ақ, тұңғыш Президентіміздің саясаткер ретіндегі жеке беделі елде қолайлы инвестициялық ахуалдың қалыптасуына, көптеген мемлекеттермен және халықаралық қаржы инситуттарымен қарқынды экономикалық ынтымақтасуға игі ықпал етті. Мемлекетімізде ауылдарды, шағын қалаларды, облыс орталықтары мен тұрғын үй құрылысын дамытуға өз үлесін қосты. Кәсіп ашамын деген адамға несие беріліп, ал, мамандық иесі боламын дегендерді мерзімдік оқуға жіберуін және елімізде ірі әлеуметтік бағдарламалардың іске асырылуын жете қадағалады. Қысқа ғана мерзім ішінде үлкен дәре-жеге жеткен Қазақстан халықаралық ынтымақтастық тұжырымдамасын қалыптастырды. Сонымен қатар, ТМД, Кеден одағы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, Еуразия одағы сияқты халық-аралық құрылымдарды дүниеге әкелудің бастамашысы бола білді. Сол сияқты, әлемдік мәдениеттердің, өр-кениеттердің дамуына көп көңіл бөлді. Осындай, еңбегі ерен тұлғаға алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

Әділет ШАЙМАРДАНОВ,

Тайсойған ауылдық округінің әкімі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521