060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Байланыс саласының қарышты қадамы

1991 жыл еліміз тәуелсіздік алғанға дейін ауданымыздағы 9 елді мекенде ғана автоматты телефон станциясы жұмыс істеді. Қазіргімен салыстырып көз алдыңызға елестетіңіз айырмашылық ширек ғасырда жер мен көктей.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында мен осы байланыс мекемесінің инженері болып қызмет жасадым. Алыс жақыннан хабар алу қиынға түсетін. Байланыс нашар болатын. Қазіргі таңда ақпараттық-телекомуникация саласы күннен-күнге дамып келеді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары байланыс са-ласындағы үлкен станция аудан орталығы Миялы селосындағы жаңа «Байланыс үйіне» көшіріліп, АТСК-100/2000 яғни 800 нөмірге монтаж жасалып іске қосылды. Тасшағыл, Қаракөл, Қарабау, Тайсойған байланыс бөлімшелері ДАМА спутниктік байланысы жүйесі арқылы халыққа байланыс қызмет көрсетті. 2001 жылы бір ғана телефон нүктесімен хабарласып отырған Тайсойған елді мекеніне ДАМА спутниктік байланысы және сандық М-200 АТС қойылып 100 нөмірге абоненттік желі орнатылды. 2005 жылдың күз айында Сағыз-Миялы аралығында (қашықтығы 117км) талшықты-оптикалық байланыс желісі іске қосылып, аудан орталығы заманауи жаңа технологияға көшті. Осы жылдары шалғай орналасқан Соркөл, Жамансор, Жантерек, Кенбай, Тасқұдық елді мекендеріне АТС-тар орнатылып, ауданішілік, қалааралық байланысқа шығуға толық мүмкіндік туды.

Бүгінгі таңда аудан көлемінде 5216 абонент телефон қызметін пайдалануда. Оның ішінде 4690 жеке тұлға болса, 526 нүкте заңды тұлғалар үлесінде. Сонымен аудандағы ауылдық округтер мен елді мекендері толықтай телефон қызметімен қамтамасыз етілді. Қазіргі заманауи жаңа технология талабымен жұмыс істеу мақсатында барлық ауылдардағы ішкі байланыс желілеріне күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп отыр. Жаңа кабелдерге ауыстырылуда, яғни абоненттерді интернет жүйесімен сапалы қамтамасыз етуге жұмыстар атқарылуда. Бұл айтылып отырғандардың барлығы тәуелсіздіктің бізге берген жемісі.

Ақылбек ТӘЖІҒҰЛ,

аудандық желілік техникалық учаскесі басшысы.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?