060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Игі істерге тың серпін береді

Биылғы жылдың Жастар жылы деп жариялануы әрбір жастың жүрегіне зор үміт пен сенімді орнықтырғаны жасырын емес. Өйткені, Жастар жылының жастарға берері мол. Осы тұста, Тәуелсіз елдің әрбір ұланы «Елім маған не берді деп емес, мен еліме не бере аламын» деген қағиданы ұстанса ел болашағының жарқын болары сөзсіз.

Мен өзім Тәуелсіздік құрдасымын. Мектеп қабырғасынан жақсы білім алып, білікті маман болуды алдыма мақсат еттім. Қазіргі уақытта маман-дығым бойынша жұмыс жасап жатырмын. Алғаш еңбек жолымды «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша бастап, тәжірибе жинақтадым. Бұл мүмкіндік оқуын жаңа аяқтаған жас маман үшін қажет дүние деп білемін. Себебі, аталмыш бағдарлама аясында жас мамандар тәжірибе жинақтап, болашағын бағдарлай алады. Содан кейін де елімізде бірнеше бағдарламалар қабылданып, жастарға қолдаулар көрсетіліп келеді. Солардың бірі білім саласында жас мамандарды ауылға тартуды көздейтін «Дипломмен ауылға» бағдарламасы болса, енді бірі шетелде білім алуға мүмкіндік беретін «Болашақ» халықаралық стипендиясы мен «Серпін» бағдарламасы. Қазіргі таңда бұл бағдарламамалар сәтті жүзеге асырылып келеді.

Жастар жылының ашылу салтанатында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың әрбір сөзі жастардың жігерін жани түскені рас. Елбасы қазақстандық жұмысшы жастардың баспаналы болуын қамтамасыз ету үшін еліміздің үш мегаполисінде жалдамалы баспана арқылы берілетін тұрғын үйлер салуды тапсырды. Одан бөлек, жастарды жұмыспен қамту мәселесінде де жаңа бастамалар қолға алынбақ. Соның ішінде жастардың кәсіпкерлікпен айналысуына қолдау көрсететін «Жас кәсіпкер» жобасын айрықша атап өткен жөн. «Дипломмен ауылға» бағдарламасына енгізілетін мамандықтар тізімінің кеңеюі мен төленетін жәрдемақының көбеюі де ауыл жастарына көрсетілген үлкен қолдау болары сөзсіз. Сондай-ақ, Елбасы айтқан тың бастамалар елдігіміздің іргесін одан әрі бекітіп, тәуелсіздігімізді күшейту жолындағы игі істерге тың серпін береді деп сенеміз.

Санжар ТІЛЕГЕНОВ,

Жер кадастры және жылжымайтын мүлік бойынша Қызылқоға аудандық бөлімінің басшысы.

Редактор-Журналист

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?