060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Дүкендер демалыс күндері неге ашпайды?

Аудандық «Қызылқоға» газетінің бетінде әртүрлі тақырыптар жарияланып, барлығы дерлік қамтылып жатыр.

Соның ішінде, біз секілді айтар пікірі бар газет оқырмандары үшін арнайы «Оқырман және біз» беті ашылып, оқырманның ұсыныс-пікірлері жарияланып отырады. Мұнда әр округтегі тұрғындардың, тіпті көрші Индер ауданынан да келген оқырман хаттарының легін оқып жатырмыз.

Осы орайда, мен Көздіғара ауылының тұрғындарының тілегін жеткізгім келіп отыр. Күнбе-күн ауыл тұрғындарын аудан орталығына жеткізу – менің басты міндетім. Әрине, бұл күндері жұмыстағы азаматтар мен азаматшалар жұмыс уақытында сұранып келеді. Ал, сол жұмыстағы азаматтар сенбі, жексенбі күндері арнайы көлік жалдап аудан орталығына келгенде, барлық азық-түлік, киім дүкендері жабық тұрады. Негізі адамға қажеттілік көп туындайтын уақыт сенбі-жексенбі күндері. Сондықтан, аптаның дүйсенбі күні демалыс жариялап, ал сенбі, жексенбі күндері дүкендер түгелдей ашық тұрса қандай жақсы?! Алыс ауылдан келгендіктен көтерме сауда орындарынан азық-түліктерді көптеп алады. Осы пікір аяқсыз қалмайды деген сенімдемін.

Маридат ҚҰРМАНҒАЗИЕВ,

Көздіғара ауылдық округінің тұрғыны.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?